Жария оферта

Редакция күні: 2026 жылғы 21 қыркүйек

Осы құжат — Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 395-бабына сәйкес «TEZTAP» жеке кәсіпкерінің (Камзабек Дана Дарханкызы, ЖСН 921208400140; бұдан әрі — Сатушы) кез келген жеке тұлғаға жасаған жария офертасы.

Пакеттің ақысын төлеу осы оферта шарттарын толық әрі сөзсіз қабылдау (акцепт) болып саналады. Акцепт жасалған сәттен бастап Тараптар арасында осы шарт жасалды деп есептеледі. Шарттармен келіспесеңіз, пакетті сатып алмаңыз.

1. Терминдер

1.1. Сайт — https://teztap.company және https://play.teztap.company мекенжайлары бойынша орналасқан TEZTAP интернет-ресурстары.

1.2. Пайдаланушы — Сайтта аккаунт тіркеген және пакет сатып алатын жеке тұлға.

1.3. Пакет — ойын өткізуге арналған сұрақтардан, мәтіндерден және медиафайлдардан тұратын цифрлық мазмұн жиынтығы.

1.4. Аккаунт (кабинет) — Пайдаланушының Сайттағы жеке бөлімі; сатып алынған пакеттер сонда қолжетімді болады.

1.5. Қолжетімділік мерзімі — төлем расталған сәттен басталатын 7 (жеті) күнтізбелік күн.

1.6. Акцепт — пакет ақысын төлеу.

2. Шарттың мәні

2.1. Сатушы Пайдаланушыға таңдалған пакетті аккаунт арқылы қолжетімді етеді, ал Пайдаланушы оның ақысын осы офертада көрсетілген тәртіппен төлейді.

2.2. Пакет — цифрлық мазмұн. Ол материалдық тасымалдағышта берілмейді, жеке файл түрінде жүктелмейді және тек Сайтта көрсету режимінде қолжетімді болады.

2.3. Пакетке қолжетімділік беру қызмет көрсету болып табылады. Пакет мазмұнына айрықша құқық Пайдаланушыға өтпейді.

3. Пакеттің құны және төлем тәртібі

3.1. Пакеттің құны Сайттағы сол пакеттің бетінде теңгемен (KZT) көрсетіледі.

3.2. Сатушы қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайды, сондықтан пакеттің құнына ҚҚС қосылмайды.

3.3. Төлем Visa және Mastercard банк карталарымен «CloudPayments Kazakhstan» төлем сервисі арқылы жүзеге асырылады. Карта деректері төлем сервисінің қорғалған бетінде енгізіледі, Сатушыға берілмейді және оның серверлерінде сақталмайды.

3.4. Төлем банк тарапынан расталған (авторизацияланған) сәтте жасалған болып есептеледі.

3.5. Фискалдық чек Пайдаланушы көрсеткен электрондық поштаға жіберіледі.

3.6. Сатушы пакеттердің бағасын кез келген уақытта өзгертуге құқылы. Жаңа баға өзгеріс жарияланғанға дейін төленген пакеттерге қолданылмайды.

4. Қызмет көрсету тәртібі

4.1. Төлем расталғаннан кейін пакет аккаунтқа автоматты түрде қосылады. Әдетте бұл бірден болады, техникалық себептермен 30 минутқа дейін кешігуі мүмкін.

4.2. Пакет қолжетімділік мерзімі — 7 (жеті) күнтізбелік күн. Мерзім төлем расталған сәттен басталады.

4.3. Мерзім аяқталған соң пакетке қолжетімділік автоматты түрде жабылады. Пакетті қайта сатып алуға болады.

4.4. Қызмет пакет аккаунтта қолжетімді болған сәттен бастап толық көрсетілді деп есептеледі. Пайдаланушының пакетті мерзім ішінде пайдаланбауы қызмет көрсетілмеді деуге негіз болмайды.

4.5. Қолжетімділік бір ғана аккаунтқа беріледі. Аккаунттан кіру деректерін үшінші тұлғаларға беруге болмайды.

4.6. Сатушы техникалық жұмыстар кезінде Сайт жұмысын уақытша тоқтатуға құқылы. Мұндай үзіліс қолжетімділік мерзімінен ұзақ болса, мерзім үзіліс ұзақтығына ұзартылады.

5. Ақшаны қайтару шарттары

5.1. Пакет — қолжетімділігі бірден ашылатын цифрлық мазмұн. Сондықтан «ұнамады», «қажет болмай қалды», «қатеcіп сатып алдым» деген негіздермен ақша қайтарылмайды.

5.2. Ақша мынадай жағдайларда қайтарылады:

  1. ақша есептен шығарылды, бірақ пакет аккаунтта ашылмады және Сатушы мұны 3 (үш) жұмыс күні ішінде түзете алмады;
  2. техникалық ақау себебінен пакет қолжетімділік мерзімі ішінде ашылмайды не дұрыс жұмыс істемейді, әрі Сатушы ақауды 3 (үш) жұмыс күні ішінде жоя алмады;
  3. бір пакет үшін ақша қате қайталанып есептен шығарылды — артық сома толық қайтарылады.

5.3. Ақша қайтару туралы өтініш teztap.kz@gmail.com мекенжайына жіберіледі. Өтініште көрсетіледі: төлем күні мен сомасы, пакет нөмірі, аккаунт поштасы, ақаудың сипаттамасы (мүмкін болса, скриншот).

5.4. Өтініш келіп түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде қаралады.

5.5. Ақша төлем жасалған сол банк картасына қайтарылады. Банктің есепке алу мерзімі — 30 күнтізбелік күнге дейін. Қайтаруға байланысты комиссияларды Сатушы өз есебінен төлейді.

5.6. Осы бөлімде көрсетілмеген жағдайларда Сатушы ақшаны өз қалауымен қайтаруға құқылы, бірақ міндетті емес.

6. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

6.1. Пайдаланушы міндетті:

  1. тіркелу кезінде дұрыс мәліметтер көрсетуге;
  2. аккаунтынан кіру деректерін құпия сақтауға және оларды үшінші тұлғаларға бермеуге;
  3. осы офертаның және Сайт ережелерінің шарттарын сақтауға.

6.2. Пайдаланушыға тыйым салынады:

  1. пакет мазмұнын көшіруге, жазып алуға, жүктеп алуға, жариялауға және таратуға;
  2. пакетті немесе оған қолжетімділікті қайта сатуға, жалға беруге не өзге жолмен үшінші тұлғаларға беруге;
  3. Сайттың жұмысына кедергі келтіретін автоматтандырылған құралдарды пайдалануға.

6.3. Пакет тек Пайдаланушының өз ойынын өткізуге арналған әрі коммерциялық емес мақсатта ғана пайдаланылады. Пакетті немесе оның мазмұнын кіріс алу мақсатында пайдалануға тыйым салынады, оның ішінде:

  1. кіру билеті, қатысу жарнасы немесе өзге де ақы алынатын іс-шараларда пайдалануға;
  2. пакет негізінде үшінші тұлғаларға ақылы қызмет ретінде ойын, турнир, квиз өткізуге;
  3. пакет мазмұнын демеушілік, жарнама немесе өзге де коммерциялық пайда алу құралы ретінде пайдалануға.

Осы тармақтың бұзылуы аккаунтты бұғаттауға негіз болады, төленген ақша қайтарылмайды.

6.4. Сатушы құқылы:

  1. осы офертаның шарттарын бұзған аккаунтқа қолжетімділікті шектеуге немесе оны бұғаттауға; мұндай жағдайда төленген ақша қайтарылмайды;
  2. Сайттың мазмұны мен функцияларын өзгертуге, жаңа пакеттер қосуға, ескілерін алып тастауға (төленген пакеттің қолжетімділік мерзімін қозғамай).

6.5. Сатушы міндетті:

  1. төлем расталғаннан кейін пакетке қолжетімділік беруге;
  2. техникалық қолдау көрсетуге;
  3. Пайдаланушының дербес деректерін Құпиялылық саясатына сәйкес өңдеуге және қорғауға.

7. Зияткерлік меншік

7.1. Пакеттердің сұрақтары, мәтіндері, суреттері, дыбыс және бейне жазбалары, сондай-ақ Сайттың дизайны мен бағдарламалық коды — авторлық құқық объектілері.

7.2. Пакетке қолжетімділік беру оларға айрықша құқық бермейді және лицензия болып саналмайды.

7.3. Зияткерлік меншік құқығын бұзған тұлға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауаптылықта болады.

8. Тараптардың жауапкершілігі

8.1. Сатушы Пайдаланушының интернет-байланысына, құрылғысына, браузеріне немесе бағдарламалық жасақтамасына байланысты туындаған ақаулар үшін жауап бермейді.

8.2. Сатушының жауапкершілігі Пайдаланушы төлеген пакет құнының мөлшерімен шектеледі.

8.3. Тараптар еңсерілмейтін күш мән-жайлары (табиғи апат, электр қуатының немесе байланыстың ұзаққа созылған үзілісі, мемлекеттік органдардың актілері) салдарынан міндеттемелерін орындамағаны үшін жауап бермейді.

9. Дербес деректер

9.1. Акцепт жасай отырып, Пайдаланушы өз дербес деректерінің Құпиялылық саясатына сәйкес жиналуына және өңделуіне келісім береді.

10. Қорытынды ережелер

10.1. Осы шарт Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.

10.2. Даулар келіссөздер арқылы шешіледі. Наразылық хат 10 (он) жұмыс күні ішінде қаралады. Келісімге қол жеткізілмесе, дау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сотта қаралады.

10.3. Сатушы офертаға өзгеріс енгізуге құқылы. Жаңа редакция Сайтта жарияланған сәттен күшіне енеді және одан кейін жасалған акцепттерге қолданылады.

10.4. Сатушының толық деректемелері Деректемелер бетінде көрсетілген.